Қызылорда қаласының №2 сотында ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасаған азамат К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы К. 2024 жылы түнгі уақытта, Қызылорда қаласында орналасқан белгілі бір саунада масаң күйде бірге отырған жәбірленуші У.-мен белгісіз себеппен туындаған болмашы нәрсені желеу етіп, онымен ерегісіп, жәбірленушінің сол жақ тұсынан, үстел үстінде шыны ыдыспен бір мәрте ұрып, шалқасынан жерге құлатып, өзінің қолдарымен жерде жатқан жәбірленушіге бірнеше мәрте соққылар жасап, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріген.
Сотталушы К.-ның қылмыстық іс-әрекеті өзінің мойындауымен қатар, оның сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жинақталған дәлелдермен, жәбірленушінің жауабымен, сот-медициналық сараптамалар қорытындыларымен және де қылмыстық істің өзге де құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен сотталушы К. қылмыстық іс-әрекеті үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қызылорда қаласының №2 соты