Қызылорда қалалық сотында 8 500 000 теңге қарыз ақша өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды.
Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер Б. талап қоюшыдан 2024 жылдың қыркүйек айында 8 500 000 теңге қарыз ақша алған және қайтарып беретіндігі жайлы қолхат берген.
Алайда, жауапкер Б. алған қарыз ақшасын өзі көрсеткен уақытысында қайтармаған.
Істі қарау барысында судья талап қоюшы мен жауапкерге дауды медиация тәртібімен шешу жөніндегі құқықтарын түсіндіріп, осыған орай, тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтініш хаттарын берген.
Талап қоюшы мен жауапкер арасында өзара жасалған медиациялық келісім бекітіліп, төленген мемлекеттік баж талапкерге қайтарылып, іс өндірістен тоқтатылды.
Қызылорда қалалық соты