▪️Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы И.-дің жауапкер Б.-дан 560 000 теңге көлемінде негізсіз баю сомасын өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

▪️Талап қоюшы өзінің интернет-алаяқтардың құрбаны болғанын, азаматтық-құқықтық қатынастардың жоқтығына қарамастан, жауапкердің шотына ақшасы аударылғанын, жауапкер соның есебінен негізсіз байығанын көрсеткен.

▪️Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендерін айтып, аралағындағы келісімді бекітуді сұрады.
Келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыға ақшаны әр ай сайын 30 000 теңгеден төлеп тұруға міндеттенген.

▪️Сот азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған