Қызылорда облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйымдастыруымен «Табиғи монополиялар саласындағы даулар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Г.Мырзатаева, судьялары З.Жарылқасынова, М.Тоғызбаева, А.Сарсенбаев және табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары З. Сардарбек және бөлім басшысы Г. Маханов қатысты.
Шараны облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Г.Мырзатаева ашып, күн тәртібімен таныстырды.
Судьялар және табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері «Табиғи монополиялар саласындағы даулар» бойынша баяндама жасап, табиғи монополияда орын алып жатқан істердегі мәселелерді талқылап, шара соңында сұрақ жауаптар қойылып, қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты