▪️Байқоңыр қалалық сотында азаматтардың сотқа жүгіну сапасын арттыру, арыздарды дұрыс рәсімдеу мақсатында «Процесстік талаптарды сақтау, қайтарылатын арыздардың себептері мен алдын алу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
▪️Шараға Байқоңыр қалалық сотының судьясы Б.Абубакирова, сот мамандары, адвокаттар алқасының адвокаттары, сонымен бірге, коллекторлық агенттіктердің өкілдері онлайн форматта қатысты.
▪️Дөңгелек үстел барысында судья Б.Абубакирова өз баяндамасында сотқа жүгіну алдында процессуалдық талаптарды мұқият зерттеу, қажетті құжаттарды толық жинақтау және электронды жүгіну кезінде құжаттарды дұрыс тіркеу керектігін атап өтті.
▪️Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Байқоңыр қалалық соты