Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кәмелетке толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алу ерекшеліктеріне қатысты мәселелер» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

 Шараға сот төрағасы М. Ибрашев, судья Д. Алиев, судья А. Изтелеуова, сот әкімшісінің басшысы Е. Раушанбекұлы, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Г. Чингисов, Қызылорда облыстық прокуратурасының прокуроры А. Абдуманов, Қызылорда қалалық прокуратурасының прокуроры А. Сұлтанмұратова және Г. Файзуллаева, Қызылорда облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасының бөлім бастығы С. Ахметқалиев, Қызылорда қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі бастығының орынбасары С. Рысбай және Қызылорда қалалық полиция басқармасының тергеушісі А. Рамазан қатысты.

 Дөңгелек үстелді сот төрағасы М. Ибрашев ашып, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ қылмыстық процестегі ерекшеліктерді сақтау мәселелеріне тоқталды.

 Сонымен қатар, тәжірибе алмасу арқылы өзара іс-қимылды жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды.

 Шараны қорытындылаған сот төрағасы М. Ибрашев кәмелетке толмағандардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету жөнінде айтып өтті.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған