Бүгін «Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігі» тақырыбында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты және облыс әкімдігімен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Г.Мырзатаева, судьялар З.Жарылқасынова, М.Тоғызбаева, А.Сарсенбаев, облыс әкімі аппаратының құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Б.Жанәлі, бас инспекторы М.Умербаева, облыстық басқармалардың басшылары мен орынбасарлары, Қызылорда қаласы әкімдігінің бөлім басшылары қатысты. Аудан әкімдіктері «Zoom» платформасы арқылы қосылды.

Шараны мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Г.Мырзатаева ашып, күн тәртібіндегі тақырыптың маңыздылығына тоқталып, әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің негізгі қағидаларын атап өтті.

Мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары А.Қуандық әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігі туралы айтып өтсе, Қызылорда қаласы әкімдігінің бөлімінің басшысы Ө.Шалбол әкімшілік актіге қойылатын талаптар мен сотқа дейінгі әкімшілік актіге дау айту тәртібіне тоқталды.

Шараны Г.Мырзатаева қорытындылап, заң талаптарын қатаң сақтау қажет екендігін айтты.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған