▪️ Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 115-1 бабы бойынша сотталушы Қ.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық ісі қаралды.

▪️Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы К. әлеуметтік желілер арқылы жәбірленуші Ж.-ға хат жазып, ұялы телефонымен және «WhatsApp» желісі арқылы жәбірленушіге хабарласып, өзінің сезімін білдіре бастаған. Алайда, жәбірленушінің байланыс орнату іс-әрекетінен бас тартып, абоненттік нөмірлерін бұғаттап тастағанына қарамастан, хабарласып мазасын алған.

▪️Әрі қарай, сотталушы жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына, жұмыс орнына көлігімен қайта-қайта барып, шығуын талап етіп, аңдыған.

▪️Осылайша, сотталушы 2022 жылдан бері жәбірленушіні жүйелі түрде аңдып, сталкинг жасаған.

▪️Сот отырысында жәбірленуші осы оқиғаның салдарынан қала аумағында емін-еркін жүре алмай, үнемі қорқып жүргенін, басқа мекенжайға көшуге мәжбүр болғанын көрсетіп, сотталушыға заңнамаға сәйкес жаза қолдануды және моральдық зиян өндіруді сұрады.

▪️Сот, сотталушыны ҚР Қылмыстық Кодексінің 115-1 бабымен кінәлі деп танып, оны 25 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындады.

▪️Азаматтық талап қою бойынша жәбірленушінің пайдасына 500 000 теңге моральдық зиян өндірілді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған