Қызылорда қаласының №2 сотында 5 сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғаны:
Сотталушылар қаржылық пирамиданы жарнамалап, онлайн-платформаларды пайдалана отырып, түрлі презентациялар өткізіп, компанияның табыстылығы мен көп табыс алу мүмкіндігі туралы айтып сендіріп, жаңа салымшыларды тартқан.
Істі қарау барысында қаржылық компанияның 2022 жылы Қазақстанда тіркелгені, жәбірленушілер компаниямен келісім шартқа отырып, сатқан тауарлары үшін және жаңа тәуелсіз өкілдерді тіркегені үшін арнайы бонустар алып отырғаны анықталды.
Сотта анықталған жағдайлардың негізінде сотталушылардың әрекеті ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағынан ҚК-нің 217-1-бабы 2-бөлігі 1-тармағы қайта сараланды.
Сот қорытындысы немен бекітіледі:
Сотталушылардың кінәсі сараптама қорытындыларымен, сот тергеуі кезінде зерделенген құжаттармен және басқа да іс құжаттарымен бекітіледі.
Жаза бойынша:
Сот үкімімен сотталушылар Ж. Ш. және У. ҚР ҚК-нің 217-1-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танылып, коммерциялық және қаржы ұйымдарда басшылық лауазымдар атқару құқығынан 3 жылға айырыла отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушылар Б. және Б. ҚР ҚК-нің 217-1-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танылып, коммерциялық және қаржы ұйымдарда басшылық лауазымдар атқару құқығынан 3 жылға айырыла отырып, 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылып, 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
ҚР ҚК 62-бабына сай, сотталушылар Ж. Ш. және У.-ға қолданылған күзетпен ұстау уақыты жазаны өтеудің екі күні үшін бір күн есебіне жатқызылып, сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеу мерзімін қамтыды.
Сот үкімі заңды күшіне енбеген.
Қызылорда қаласының №2 соты