Сырдария аудандық сотында cотталған К.-ға қатысты Сырдария  аудандық пробация қызметі бөлімінің ҚР ҚК-нің 44-бабының 3-бөлімі қолданылып тағайындалған бас бостандығынан шектеу жазасын, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынымы қаралды.

Сотталған К. 17.03.2023 жылы аудандық соттың үкімімен,  ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Сотталған К. 04.04.2023 жылдан бастап пробация қызметі бөліміне есепке алынған. Есепке алу барысында сотталған К.-ға шектеу жазасын өтеу тәртібі мен шарттарын, қоғамдық тәртіпті бұзбау, өзін-өзі дұрыс ұстау, тұрғылықты мекен-жайын рұқсатынсыз ауыстырмау және пробация қызмет бөлімімен түзілген кестебойыншатіркелу және өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін келіп тұру туралы қолхат алынған.  

Алайда, сотталған К. жүргізілген профилактиқалық іс-шараларға немқұрайлықпен қарап, өзіне сот үкімімен жүктелген міндеттерді орындамай, тиісті нәтиже жасамай, ескертулерге құлақ аспаған, белгіленген міндеттерді орындаудан бас тартып, жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарып жүрген. Жазаны өтеу шарттары мен тәртіптерін қаскөйлікпен бұзып, үйінде болу кестесін бұзып,  қоғамдық орында масаң күйде жүріп, әкімшілік жауаптылыққа тартылып, тұрғылықты мекен жайы бойынша пробация қызметі бөліміне тіркеуге келмеген.

Сот үкімімен тағайындалған бас бостандығынан шектеу жазасын өтеу тәртібі ішінде түзелу жолына түспеген.

Сот, қылмыс жасау пиғылы туындауының жоқ еместігін ескеріп сотталған К., бас бостандығын шектеу жазасының осы ұсыным қаралған күнге өтелмеген 6 ай 13 күн нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, сот залынан қамауға алынды.

Сырдария  аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған