Шиелі аудандық сотында бас бостандығынан шектеуге сотталғанның бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөніндегі пробация қызметінің ұсынымы қаралды.

Іс-құжаттарына қарағанда, сотталған М. 2024 жылғы 23 сәуірдегі Шиелі аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3)-тармағымен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеуге жазасы тағайындалып, 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылып, бас бостандығын шектеу мерзімінің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленген. Сот үкімі 2024 жылғы 13 мамырда заңды күшіне еніп, сотталған М. пробация қызметі бөлімінің есебіне 2024 жылғы 17 мамырында алынған.

Дегенмен, сотталған М. жаза өтеу мерзімінде бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған және тұрғылықты мекен-жайында болмаған, пробация қызметіне тіркелуге келмеген.

Сотта сотталғанның пробациялық бақылауды қаскөйлікпен бұзғаны өз дәлелін тапты.

Шиелі аудандық сотының қаулысымен Шиелі аудандық пробация қызметінің ұсынымы қанағаттандырылып, сотталған М.-ның сотпен тағайындалған 2 жыл бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігі, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған.

                                                                               Шиелі аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған