Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 283-бабының 2-бөлігі бойынша А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерімен тексеру жүргізу барысында жеке кәсіпкер А.-ның дүкенінде бақылау таңбалары жоқ және өндірушісі белгісіз барлығы 130 дана темекі өнімдерінің сақталып,сатылып жатқандығы анықталған.
Сотта А. темекі өнімдерін заңсыз сатқандығын мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін көрсетті.
Құқық бұзушы А. кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 412 860 тенге айыппұл салынып,айғақ заттарды жою туралы қаулы етілді.
Байқоңыр қалалық соты