Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 15 сәуірдегі Заңымен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу криминализациясы бойынша Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

Жаңа Заңға сәйкес, ҚК-нің 108-1 бабының 1-бөлігі, 109-1 бабы қылмыстық құқықбұзушылықтар санатына жатқызылып, олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру хаттамалық нысанда жүргізіледі. Ал, ҚК-нің 108-1 бабының 2-бөлігі қылмыстық құқықбұзушылық болып табылып, ауыр емес қылмыс болса да, ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру анықтау түрінде жүргізіледі.

Мәселен, Шиелі аудандық сотында ҚК-ның 108-1-бабының 2-бөлігінің 5) тармағында (бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азамат Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Б. Шиелі кентінде орналасқан кафенің алдында қоғамдық орында жәбірленуші Н.-ға тиісіп, араларында ерегіс пайда болып, оған қасақана дене жарақатын салуға алып келетін қылмыстық пиғылы туындап, өз ойын соңына жеткізу мақсатында жәбірленушіге қатысты күш қолданып, бұзақылық ниетпен қолымен екі-үш мәрте бет тұсынан ұрып, басымен жәбірленушінің мұрын тұсынан бір мәрте соққы жасап, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.

Сараптама қорытындысына сай, жәбірленушінің денсаулығына «жеңіл» дәрежелі зиян келгені бекітілген.

Шиелі аудандық сотының үкімімен сотталушы Б.  қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

                                                                               Шиелі аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған