Қызылорда қаласының №2 сотында ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған азамат С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2023 жылы қазан айында сотталушы С. Қызылорда қаласында туыстарының үйінде болған отырыс барысында өзінің туысқан тәтесі жәбірленуші Т.-ның өзге қаладан пәтер алғысы келетінін біліп, оған Алматы қаласынан пәтер алып бере алатыны жөнінде жалған ақпарат берген. Алаяқтық ниетпен пәтердің бастапқы жарнасы және құжат рәсімдеуге қажет деп, жәбірленушіден 560 000 теңге көлемінде ақша қаражатын өз есепшотына аудартқан. Кейін қосымша 50 000 теңге сұрап, жәбірленушіден жалпы сомасы 610 000 теңгені алдау арқылы иемденіп, бөтеннің мүлкін алдау жолымен жымқырып, алаяқтық қылмыс жасаған.

Сотталушының кінәсі өзінің мойындаған жауабымен қатар,жәбірленушінің айғақтарымен, іс бойынша заттай дәлелдемелер деп танылған есеп-шотқа ақша қаражатының аударым жасаған құжаттарымен және процестік әрекеттердiңхаттамаларымен,жинақталған іс құжаттарымен дәлелденген.

Сотта жәбірленуші 450 000 теңгесін қайтарғанын, қалған 160 000 теңгесін қайтаруға уәде бергенін көрсетті.

Сот үкімімен сотталушы С. ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған, ҚК-нің 58-бабының талабымен 05.03.2025 жылғы сот үкімімен тағайындалған жазасына онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы түпкiлiктi 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Азаматтық талапкердің пайдасына 160 000 теңге мүліктік залал өндірілді.

Қызылорда қаласының №2 соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған