Қызылорда облыстық сотында «Азаматтық құқық және процесс» секциясы бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинарға Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Н.О.Қосанов, облыстық және қалалық соттардың судьялары, сонымен бірге, аудандық соттардың судьялары бейнебайланыс арқылы қатысты.

Семинар сабағын алқа төрағасының міндетін атқарушы Н.О.Қосанов ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

Арал аудандық сотының судьясы Б.Керуенбаев «Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасы туралы» ҚР Жоғары сотының Нормативтік қаулысы бойынша баяндама жасап, тараптарға татуласу рәсімдерінің артықшылықтарын және банк омбудсманына жүгіну құқығын түсіндірудің маңыздылығын, дауды процестің барлық сатыларында реттеуге жәрдемдесудегі соттың рөлі жөнінде айтып өтті.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы З.Абылайқызы ерлі-зайыптылар арасындағы мүлікті бөлу туралы неке-отбасылық қатынастардан туындайтын дауларды қараудың ерекшеліктерін жеткізді.

Семинар соңында қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған