Қазалы аудандық сотында «Қылмыстық істер бойынша дәлелдеу және дәлелдемелер» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Оған судьялар, сот отырысының хатшылары мен кеңсе мамандары қатысты.
Баяндамашы судья Ж.Бостандықұлы қылмыстық сот өндірісіндегі дәлелдеу түрі бұл – қылмыстық іс жүргізу заңында қарастырылған және іс бойынша тұтастай алғанда немесе жекелеген құқықтық мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін дәлелденуге тиісті, заңи тұрғыдан маңызды болып табылатындығын,заң дәлелдемелерді іс жүзіндегі деректер ретінде бағалайтындығын, яғни бұл объективті өмір шындығында орын алған нақты оқиғалар туралы мәліметтер ғана қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер бола алатындығын атап өтті.
Семинар барысында қатысушылар ҚР «Қылмыстық-процесстік» кодексінің кейбір номаларын өзара талқылап, туындаған сұрақтар бойынша семинар-тренингке қатысушыларға түсіндірмелер беріліп, олар өзара пікір алмасты.
Қазалы аудандық соты