Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасының 4 азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.
Құқық бұзушылар Әйтеке би кенті аумағында әр түрлі құрылыс жұмыстарын жасап жүрген жерлерінен полиция қызметкерлеріне ұсталып, сәйкесінше тіркеусіз, жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны анықталған.
Сот отырысында құқық бұзушылар кінәларын мойындаған, олардың әрекеттері іс құжаттарымен дәлелденген.
Қазалы аудандық сотының қаулысымен Өзбекстан Республикасының 4 азаматына ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Қазалы аудандық соты