Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша Өзбекстан Республикасының 7 азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.
Құқық бұзушылар Жосалы стансасындағы вокзал ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан құрылыс аймағында құрылыс жұмыстарын жасап жүрген жерінен полиция қызметкерлерімен ұсталып, жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны анықталған.
Сот отырысында құқық бұзушылар кінәларын мойындаған, олардың әрекеттері іс құжаттарымен дәлелденген.
Сот қаулысымен Р., З., Р., У., Ф., Р. және Ш. ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Қармақшы аудандық соты