Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 517-бабының 4-бөлігі бойынша Беларусь Республикасының азаматшасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы Беларусь Республикасының азаматшасы С. Қазақстан Республикасында болу мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекет аумағынан кетуден жалтарған.

Құқық бұзушы сотта өз кінәсін ішінара мойындап, азаматпен некелесу жоспарланғанын көрсеткен.

Сот қаулысымен С. кінәлі деп танылып, ҚазақстанРеспубликасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу туралы әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған