Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 1-бөлігімен азаматша М.-ға қатысты іс қаралды.
Азаматша М.-ның кәмелетке толмаған ұлы 02.11.2024 жылы көшеде автокөлікке тас лақтырып алдыңғы айнасын сындырған. Яғни азаматша М. кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу және білім беру, олардың құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамаған. Азаматша М. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, ұлының әрекетіне өкінетінін, енді қайталанбайтынын көрсетті.
Сот қаулысына сай азаматша М. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 25844 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты