Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл М.Асанова осы аптада Қармақшы, Жалағаш, Жаңақорған және Шиелі аудандық соттарына жұмыс сапарымен барып, семинар сабақтарын өткізді.

Оған сот әкімшілерінің басшылары мен мамандар қатысты.

Әдеп жөніндегі уәкіл М.Асанова мемлекеттік қызметші жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдеп нормаларын ұстанып, қарапайымдылық танытып, қызметтік жағдайын асыра пайдалануға және заң талаптарын бұзуға жол бермей, сыбайлас жемқорлық көріністерінен аулақ болу керектігін семинар қатысушыларының назарына жеткізді.

Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің жаңа редакциядағы Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілерге ойын мекемесіне барудан тартыну талабы қойылғанын, яғни ойын мекемесіне баруға тыйым салу көзделгенін, лудомания қазіргі таңда қоғамның өткір мәселесі болып табылатынын, ол адамның өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да кері әсер ететінін атап өтті.

Семинар сабақтарында ұжымдағы ауызбіршілікті арттыру, эмоцияны басқара білу және адамдармен қарым-қатынасты жақсарту жайында ақпараттар берілді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған