Жаңақорған аудандық cотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А.-ның кәмелет жасқа толмаған ұлдары А. мен Б. түнгі уақытта дүкеннің терезесін сындырып кіріп, кассада тұрған 25 000 теңге ақшасын ұрлап кеткен.

Заңды өкілі ата-ана ретінде кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамай, олардың қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген.

Сот барысында құқық бұзушы А. кінәсін мойындап, балаларының жасаған әрекетіне өкінетінін, алдағы уақытта балаларының тәрбиесіне қатаң қарайтынын көрсеткен.

Сонымен қатар, құқық бұзушы А.-ның әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, іс құжаттарына тіркелген басқа да жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп бекітілді.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 55048 теңге айыппұл салынды.

Жаңақорған аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған