▪️Сырдария аудандық сотында қарыз ақша өндіру туралы 10 талап қою бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
▪️Даулар бойынша тараптарға сотқа дейінгі татуластыру рәсімдерін түсіндіру нәтижесінде, сотқа дейінгі хаттама жасалып, тараптар өзара татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
▪️Соттың ұйғарымдарымен тараптар арасындағы қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық істер бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер бекітілді.
▪️Талап қоюшыларға төлеген мемлекеттік баж алымы қайтарылды.
Сырдария аудандық соты