Сырдария аудандық сотында 1 күнде қарыз ақша өндіру туралы 3 талап қою бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Даулар бойынша қоғамдық негіздегі медиатор тарапынан сотқа дейінгі татуластыру рәсімдерін жүргізу нәтижесінде сотқа дейінгі хаттама жасалынып, тараптар өзара татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерге келген.

Соттың ұйғарымдарымен тараптар арасындағы қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық істер бойынша дауды сотқа дейінгі хаттама тәртібімен реттеу туралы келісімдері бекітіліп, бұл істер бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Талап қоюшыларға төлеген мемлекеттік баж алымдары қайтарылды.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған