Талап қоюшы «K» микроқаржылық ұйымы жауапкер Е.-ден банктік қарыз шарты бойынша берешек 208 474 теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен аяқтау жөніндегі құқықтары түсіндіріп, нәтижесінде, тараптар өзара татуласып, сотқа дейінгі хаттама жасалып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Медиациялық келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыға ай сайын 20 800 теңгеден төлеп отыруға міндеттенеді.
Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Талап қоюшыға төлеген мемлекеттік баж алымы қайтарылды.
Қармақшы аудандық соты