Қызылорда қалалық сотына  талапкер  А. жауапкер М.-дан қарыз ақша өндіру туралы талап қоюымен  жүгінген.

        Өз талабында азаматша А. жауапкер М.-ның қосымша жерін заңдастырып беремін деп 1 000 000 теңге ақша қаражатын алған. Алайда жауапкер келісілген жұмысын мүлде орындап бермеген. Осы уақытқа дейін жауапкерге ескертпе хаттар жіберілген. Бірақ жауап болмаған соң сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

        Сот талқылауы барысында тараптардан дауды медиация арқылы реттегендігі туралы арыз түсіп, келісімді бекітуді сұрап, қарыз мөлшерін 1 000 000  теңге деп белгілеген.

        Жауапкер М. талап қоюшы А.-ға ай сайын 100 000 теңгеден ерікті түрде төлеуге міндеттенді.

         Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған