Қармақшы аудандық сотында қарыз ақша өндіру туралы талап қою бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Талап қоюшы «M» ЖШС жауапкер И.-ден банктік қарыз шарты бойынша берешек 136496 теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Дау бойынша татуластырушы-судья тарапынан сотқа дейінгі татуластыру рәсімдерін жүргізу нәтижесінде сотқа дейінгі хаттама жасалып, тараптар өзара татуласып, ай-сайын 22 000 теңгеден қарызды төлеу жайлы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Соттың ұйғарымымен тараптар арасындағы қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдері бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Талап қоюшыға төлеген мемлекеттік баж алымы қайтарылды.
Қармақшы аудандық соты