Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 3-бөлігі бойынша  азаматша Ш.-ға қатысты іс қаралды.   

Азаматша Ш.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлы М. тұрғылықты мекен жайынан шығып кетіп, Алматы қаласынан даяшы болып жүрген жерінен табылған.

Демек, азаматша Ш. тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлының қаңғыбастықпен айналысуына алып келген іс-әрекетке жол берген.  

 Азаматша Ш. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, ісіне өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады. 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігінде ата-ананың кәмелетке толмаған адамның қаңғыбастықпен айналысуына алып келген іс-әрекеті үшін әкімшілік жаза көзделген.  

Сот қаулысымен азаматша Ш. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 51688 теңге көлемінде айыппұл салынды.   

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған