Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен азаматша К.-ға қатысты іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша К.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған баласы 15.04.2025 жылы Қызылорда қаласы, Титов қыстағы, Жетікөл көшесі бойында жеңіл дәрежеде алкогольдік ішімдік ішіп жүргендігі анықталды. Яғни, азаматша К. сотқа берген түсінігінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, енді қайталанбайтынын айтып көрсеткен.

Сот қаулысына сай азаматша К. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55048 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған