▪️ Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен азамат Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

▪️ Іс құжаттарына сәйкес, азамат Т. Сырдария аудандық сотының бұйрығымен өндіріп алушы Л.-ның пайдасына алимент төлеуге міндеттенген. Алайда, Т. алимент төлеуден жалтарып, сот актісін орындамаған. Оның алиментке қарызы 1 304 940 теңгені құраған.

▪️ Сот отырысында Т. 2025 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында алимент төлегенін, сол жылдың мамыр айынан бастап алимент төлемегенін растайтынын, тұрақты жұмысы болмағандықтан, алимент төлеуге мүмкіндігі болмай жүргенін көрсеткен.

▪️ Сот қаулысымен Т. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған