▪️Талап қоюшы Байқоңыр қалалық сотына жауапкерден бала үш жасқа толғанға дейін өзінің (жұбайының) асырауына алимент өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгініп, жауапкер өз еркімен материалдық көмек көрсетпейтінін мәлімдеп, жауапкерден бала үш жасқа толғанға дейін ай сайын 20 АЕК мөлшерінде алимент өндіріп алуды сұраған.

▪️ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 147-бабына сәйкес, ерлі-зайыптылар бір-бірін материалдық жағынан қолдауға міндетті, ал мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылар арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда, зайыбы жүктілік және ортақ баланың туған күнінен бастап 3 жыл ішінде қаражаты бар жұбайынан сот тәртібімен алимент өндіруді талап етуге құқығы бар.

▪️Істі қарау барысында тараптар медиациялық келісімге келіп, жауапкер талап қоюшыға әр айдың 29-ына дейін, бала үш жасқа толғанға дейін 15 АЕК мөлшерінде жұбайын асырауға алимент төлеуге міндеттенді.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған