Байқоңыр қалалық сотына талап қоюшы А.жауапкер Қ.-дан баласы үш жасқа толғанға дейін жұбайын күтіп-бағу үшін10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіру туралы талап қоюмен жүгінді.
Тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен реттеу жөніндегі құқықтары түсіндірілді.
Нәтижесінде, тараптар медиациялық келісімге келді.
Медиациялық келісімнің шарттары бойынша, жауапкер Қ. талап қоюшы А.-ға ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент төлеп тұруға міндеттенді.
Сот ұйғарымымен тараптар арасында медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Байқоңыр қалалық соты