Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі бойынша азамат К.-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Сырдария ауданының тұрғыны К. үй ауласында орналасқан сарай ішінде ішкі істер органында тіркелмеген аңшы мылтығының механизм бөлшегін сақтағаны анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.

Құқық бұзушының кінәсі іске тіркелген құжаттармен, сараптама қортындысымен дәлелденіп бекітілді.

Сот қаулысымен К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің
482-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған