Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 596-бабы 3-бөлігі бойынша (көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат А. «Шымкент-Қызылорда-Қарабұтақ» тас жолының 1630 шақырымында, тыйым салынған жол белгісімен белгіленген жол учаскелерінде қарсы жүру жолағына шыға отырып, басып озуға тыйым салынғанына қарамастан, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып басқарған.

Сот отырысында А. өзінің кінәсін толығымен мойындады.

Сот қаулысымен А. ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қармақшы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған