Жалағаш аудандық сотында азамат М.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат М. сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылған бола тұра, алкогольден масаю күйінде 2025 жылдың 1 маусым күні аудандық Мәдениет үйі жанында қоғамдық орында ішімдік ішіп мас күйінде жерде жатып, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен М. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Жалағаш аудандық соты