Қызылорда қалалық сотына талап қоюшы А. ақша қаражатын жауапкер Б.-дан өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінді.

Талап қоюға сәйкес, жауапкер талап қошыдан бірнеше рет ақша сұраған. Болашақта іске асырылатын жобаны ескеріп, талап қоюшы жауапкерге банктік аударым арқылы, сондай-ақ, таныстары арқылы ақша аударған аударған. Қарызға берілген қаражаттың жалпы сомасы 22 миллион  теңгеден асқан.

Дегенмен, жауапкер ұзақ уақыт бойы қарызын қайтармай, талап қоюшымен кездесуден жалтарып жүрген.

Сотта іс құжаттары мен дәлелдемелер жан-жақты зерделенді.

Сот шешімімен талап қоюшының талап қоюы қанағаттандырылып, талап қоюшының пайдасына жауапкерден 22 060 000 теңге өндірілді.

Қызылорда қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған