Жалағаш аудандық сотында азамат Н.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат Н. сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылған бола тұра, алкогольден масаю күйінде келіп, отбасының мазасын алып, алкогольдік ішімдік ішуге толық көлемде тыйым салуды көздейтін ерекше талаптарды бұзып, сот актісін орындамаған. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Н. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Жалағаш аудандық соты