Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен азамат Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сай, азамат Б. сағат 18:35 шамасында өз басқаруындағы мотокөлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра алкогольдік масаң күйде тізгіндеген.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежелі алкогольді еліту күйінде болған.

Қазалы аудандық сотының қаулысымен Б. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.

Қазалы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған