Тарихи жетістік! Бүгін 15 маусымда Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан өткен Азия чемпионатының финалдық кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы Қытай мемлекетінің командасын 3:2 есебімен жеңіп, өз тарихында алғаш рет Азия чемпионы атанды
Чемпионат қорытындысы бойынша :
I орын – Қазақстан
II орын – Қытай
III орынды – Таиланд құрамасы иеленді.
Қазақстан ұлттық құрама сапында төрт ойыншымыз атап айтқанда, Эрик Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов, Ерасыл Әбдібек, Асылхан Амидолла жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ал чемпионат барысында үздік ойын өрнегін көрсеткен жерлестеріміз Эрик Қасқабаев – үздік доп беруші, Шыңғыс Медеуов – үздік либеро атанды.
Ендігі кезекте Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылы Қытайда өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.
Спортшыларымызды тарихи жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы