Бүгінгі күнге Қызылорда облысы аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3580,5 километр құрайды. Оның 1014,5 километрі республикалық жол, ал 555 километрі облыстық, 2011 километр аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.
2024 жылы жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 43,3 млрд. теңге бөлініп, жақсаратын жол ұзындығы 300 километрге жуықтайды. Автомобиль жолдары, көшелер және көпір өткелдері жөндеуден өткізілуде, игерілгені 29032,4 млн. теңге немесе 68%.
Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 1 автовокзал және 8 автостанса ауданаралық маршруттар арқылы халыққа қызмет көрсетуде. Қызылорда қаласының сол жағалауында жоба құны 975 млн. теңгені құрайтын жаңа автовокзал құрылысы салынып, пайдалануға берілді.
Жаңа автовокзал Қызылорда қаласы әкімдігімен «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің меншігіне берілді.
Қызылорда қаласының қоғамдық көлік мәселесін шешу бағытында 2022-2024 жж. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 7 % лизингпен табиғи газ отынымен (метан) қозғалатын 300 «Yutong ZK6852 HG» автобус алынды.
Бүгінгі таңда «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і қалалық 32 маршрутты қамтып отыр.
Экотакси қызметін құру жобасы бойынша жоспарланған 100 электромобиль толығымен келді. Оның 52 электромобилі Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде, қалған 48 электромобиль кейін жеткізіліп, қазіргі таңда, электромобильдерді мемлекеттік тіркеу жұмыстары жүргізілуде.
Әуе көлігі. Бүгінгі күні «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына барлығы 23 рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 14, Алматыға – 9 рейс. Бұл рейстер «AirAstana», «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуе компанияларымен атқарылуда.
«Қорқыт Ата әуежайы» соңғы 2024 жылдың 9 айының қорытындысымен 264 506 жолаушыға қызмет көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%- ға артқан.
«Болат Өтемұратов қоры» Жеке қорының демеушілігімен «Қызылорда қаласының «Қорқыт ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» жобасын іске асыруға 16,6 млрд. теңге қаралып, 2024 жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстары аяқталды.
Облыстық бюджеттен 4,3 млрд. теңге қаржы қаралып Қызылорда қаласы әкімдігімен Әуежайдың сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын жеткізу (су, кәріз, электр және интернет желілерін тарту, бу қазандығы мен КНС, автотұрақтар, автомобиль жолын салу) жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде халықаралық стандарттарға сай келетін екінші телескопиялық трап әкелінген. Трапты монтаждау жұмыстары аяқталғанан кейін терминалды ашу жоспарлануда.
Халықаралық талаптарға сай етіп салынған жаңа нысанда ішкі және халықаралық рейстерге, транзиттік жолаушыларға арналған, CIP залдары, жүкті автоматты түрде беру жүйесі, «Duty Free» аймағы, сауда нүктелері, медпункт, кафе, ғибадат ету, жүк сақтау, ана мен бала бөлмелері бар. Екі қабатты ғимараттың сыйымдылығы 250 адам, 10 төлқұжат бақылау кабинасы қызмет етеді.
Темір жол көлігі. Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1051,7 шақырымды құрайды және 8 темір жол вокзалы, 2 қызмет көрсету пункті бар.
Облыс аумағынан барлығы 14 жұп жолаушы пойызы өтеді, оның ішінде облыс орталығынан Петропавловск, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 5 жұп жолаушы пойызы ұйымдастырылған.
Әлеуметтік маңызы бар «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жолаушылар пойызы облысымыздың оңтүстік бағытында 26 елді мекенді көлік қызметімен қамтиды.
2024 жылдың 9 айында 16,8 мың жолаушы тасымалданып, 116,7 млн. теңге субсидия игерілді.
Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы 1905 жылы салынған 1 қабатты ғимарат және 1969 жылы салынған 3 қабатты екінші вокзал ғимаратынан тұрады.
– Ескі вокзалдың жалпы ауданы – 832,1 м2;
– Жаңа вокзалдың жалпы ауданы-1336,9 м2;
– Теміржол вокзалында 2 жолаушы платформасы бар, жалпы ауданы 2169 м2.
Теміржол вокзалында 38 адам жұмыс істейді.
Тәулігіне 1500 жолаушыға қызмет көрсетеді.
Қызылорда қаласының темір жол вокзалының ескі ғимаратын жөндеуге қажетті сома 577 млн. теңгені құрады. «Қазақстан Темір Жолы» компаниясымен 322 млн. теңге және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 255 млн. теңге қаржы қаралды.
Темір жол вокзалы аумағындағы сауда орындары ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар аудан әкімдіктері аудандарда орналасқан темір жол вокзалдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттамалары әзірлеп, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Қызылорда магистралды желі бөлімшесі» филиалына жолданды. Бүгінгі таңда, аталған мекеме жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу мәселесін қарауда.
Ресми ақпарат. 24 наурыз, 2024 ж. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстанда ірі автожолдар жобасын қаржыландыруға және жүзеге асыруға мүдделі Біріккен Араб Әмірліктерінен келген «Al Badie Group for Trading & Investment LLC» компаниясының өкілдерімен кездесті. Басқосуға аталған компанияның бас директорының орынбасары Алькамас Ясин Таха Мохамед Шитпен, Қазақстан Республикасы бойынша бас директордың орынбасары Наркес Бегалиева, өңірлік директор Арман Абдымананов, даму жөніндегі директор Алексей Новиков пен жауапты сала басшылары қатысты. Кездесуде Қызылорда облысы аумағындағы республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолын жөндеу мәселесі талқыланды.
Аймақ басшысы атқарылған жұмыстарды атап өтіп, алдағы жоспарларға тоқталды.
– «Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері – ұзақ жылдар бойы ашық және сенімді қарым-қатынас орнатқан стратегиялық серіктестер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2023 жылғы 10 қазандағы облысымызға сапары кезінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Ақтөбе қаласына дейінгі аумағын 1-ші санатқа ауыстыру жөнінде тапсырма берді. Республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 810 шақырымы Сыр өңірінен өтеді, Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін 566 шақырым. Бұл бағытта 5 аудан мен Байқоңыр қаласы, 320 мың халқы бар 119 елді мекен орналасқан. Аталған жоба осы жылдың соңында басталады деп күтілуде. Өңір халқы үшін бұл жобалардың маңызы зор, іске асқанда әлеуметтік-экономикалық дамуға оң септігін тигізеді. Перспективалық жобаларды іске асыруда мүмкіндігінше жан-жақты қолдау көрсетеміз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев. Бас қосуда аймақ басшысы Алькамас Ясин Таха Мохамед Шитпен бірлесіп жұмыс жасауға мүдделі екенін айтып, жобаның сәтті жүзеге асырылуына тілектестігін білдірді. Қызылорда облысы аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 3580,5 шақырым. Оның 1014 шақырымы – республикалық, 555 шақырымы – облыстық, 2011 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. Өткен жылы жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 38,5 млрд. теңге бөлініп, 671 шақырым жолдар, көшелер және көпір өткелдері жөндеуден өтті. Осылайша облыстағы жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 87,5 пайызға жетті. Қазір республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 247 шақырым жолдар жөндеуден өтеді деп жоспарлануда. 2022 жылдан бері «Қызылорда-Жезқазған» республикалық маңызы бар автомобиль жолы қайта жаңғыртудан өтуде (424 шақырым). Оның Қызылорда облысына тиесілі аумағы 216 шақырым. Құрылыс[1]монтаждау жұмыстары 6 лотқа бөлінген. Жобаның құны 108,5 млрд. теңге. Бүгінде жолдың 104 шақырымы асфальтталды.
«ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ» ұлттық жобасы аясында барлығы 9 520,6 млн. теңге бөлініп, ұзындығы 33,7 километрді құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Айта беретін Қарлан көпірі де бар. «Қорқыт» әуежайына кіре-беріс, «Әйтеке би-Қазалы» автомобиль жолын қайта жаңғыртылуда.
Бүгінгі күні игерілгені 3993,4 млн. теңге.
«ЖАЛПЫ СИПАТТАҒЫ ТРАНСФЕРТТЕР» бағдарламасы аясында барлығы 5 947,1 млн. теңге бөлініп, ұзындығы 56,8 километрді құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде.
Бүгінгі күнге игерілуі 5 654,7 млн. теңге.
«ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ» бағдарламасы аясында барлығы 8 854,7 млн. теңге бөлініп, ұзындығы 18,9 км құрайтын Қызылорда қаласының көшелері мен көпірлерінің құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнге игерілуі 6 107,2 млн. теңге.
«КІШІ ҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ» бағдарламасы аясында барлығы 1 930,0 млн. теңге бөлініп, Арал және Қазалы қалаларының ұзындығы 1,2 километрді құрайтын көшелеріне құрылыс және қайта жаңғыртужұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнге 1 174,5 млн. теңге игерілді.
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласы мен аудандарға барлығы 6 238,8 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге 5 381,8 млн. теңге игерілді.
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТЕН 10 808,8 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп,122,2 километр құрайтын Қызылорда қаласы мен аудандарға қарасты елді мекендер көшелерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнге 6 720,8 млн. теңге игерілді.
Осы ретте Мемлекеттік бағдарламалар аясында облыстағы жол саласын дамытуға республикалық бюджетке 61,1 млрд. теңгенің 101 жоба ұсынылды.
2024 жылға нақтыланған 51 жобаның 17,3 млрд. теңгесі қолдау тауып, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесін 92 %-ға жеткізу межеленген.
Қызылорда облысы аумағындағы республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының 204 километрін қайта жаңғырту жұмыстары бойынша ағымдағы жылы 140 километрін пайдаланымға беру жоспарланған. Қазіргі таңда 90 километрі дайын, ел жүріп жатыр.
Қызылорда облысы аумағында республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының ұзындығы 810,5 шақырымды құрайды.
Оның 244,5 шақырымы 4 жолақты, ал 566 шақырымы 2 жолақты.
2023 жылы Президент Қасым[1]Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қызылорда облысына іс-сапарында М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолын 4 жолақтыға кеңейту бойынша тапсырма берген болатын.
Ресми ақпарат: Биылғы жылдың қазан айының соңғы күндерінде облыс әкімі Н.Нәлібаев қайта жаңғыртудан өткен аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Қызылорда» автожолына барды.
Мердігер мекеме «УАД» ЖШС 8,4 шақырымдық жолды төрт жолақты, көлік жүретін бөлігінің енін 14 метр етіп салды. Құрылысты жоспарға сәйкес 6 айда бітірді. Жоба бойынша қиыршық тас-мастикалық асфальт қабаты төселді.
Құрылыс алаңындағы техникалық қадағалаушы «Қызылорда Нұр Строй Инжиниринг», авторлық қадағалаушы «Блеск Мастер» серіктестіктері.
Облыс әкімі жұмысқа қойылатын басты талап сапа екенін айтып, кемшілік орын алған жағдайда мердігер мекеме жауапты болатынын еске салды.
Осы ретте Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі тарапынан, Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолын 2-техникалық санаттан 1-ші санатына ауыстыру бойынша «ҚазжолҒЗИ» АҚ және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірленіп, тұрғындар арасында тыңдалым өткізілуде.
2025 жылы аталған жобаға жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеп, құрылыс жұмыстарына қаржы қарастыру жүргізілетін болады.
Автомобиль көлігі. Бүгінгі таңда облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 202 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық 71 маршрут, аудандық 99 маршрут, қалаішілік және қаламаңы 32 маршрут бар. Сонымен қатар Ташкент қаласына 1 халықаралық және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты ұйымдастырылған.
Осы маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1069 автобуспен жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.
2024 жылдың 9 айында 25,7 млн. жолаушы тасымалданып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 65,5% жоғарылады.
Ауданаралық (қалааралық облысішілік) әлеуметтік маңызы бар 7 маршрут бойынша 14,1 млн.теңге (59,4%) игерілді.
Ж.Сыздықов.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.