Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов және жауапты сала басшыларымен бірге салынып жатқан стадионның құрылыс алаңына барды.
Жаңа стадион жанында 1000 орындық автотұрақ алаңы, 40 орындық VIP автотұрақ бар. Ғимараттың батыс секторында спортшылардың жаттығу алаңы, жуыну аймағы және киім ауыстыруға, төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған, емдік массаж бөлмелері қарастырылған. Медпункт, допингтік бақылау бөлмесі, комментатор кабиналары, конференц зал орналасқан.
Ал шығыс секторында ауыр атлетика, бокс, гимнастика және акробатика, күрес, жаттығу залдары, қыздырыну бөлмесі бар.
Сондай-ақ, жанкүйерлерге арналған санитарлық, тамақтану және демалыс аймақтары, кафетерий, VIP-аймақтармен және VIP-кабинеттермен қамтылған.
4 автобусқа арналған автотұрағы, жылу қазандығы, қоқыс төгетін орын және резервуармен жабдықталған. Газон төселген стандартты өлшемдегі футбол алаңы бар. Сондай-ақ, мұнда балалар мен жастар үшін түрлі спорт секциялары жұмыс істейді. Стадион қыркүйек айында пайдалануға беріледі.