Астана қаласында Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Әзімованың төрағалығымен Конституциялық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда Ата Заңға енгізілетін өзгерістер жан-жақты талқыға түсті. Кезекті отырыста Қызылорда облысының әкімі, Конституциялық комиссия мүшесі Нұрлыбек Нәлібаев сөз сөйлеп, өңірлер үшін жаңа Конституция жобасының практикалық маңызы зор екенін айтты.
– «Бүгінде Қазақстан ауқымды өзгерістің, түбегейлі бетбұрыстың алдында тұр. Халқымыз ұлт жылнамасындағы жаңа кезеңге қадам басуда. Президентіміздің қатысуымен Сыр өңірінде өткен Ұлттық Құрылтайдың қорытынды бесінші отырысы тарихи миссиясы айрықша мазмұнға ие алқалы жиын болды.
Құрылтайда еліміздің келешек бағдары айқындалып, қоғамдағы ең өзекті мәселелер ашық талқыланды.
Президентіміз бұған дейінгі ауқым ды саяси реформаларының жалғасы ретінде Конституциялық рефор маға қатысты өз ұстанымдарын жеткізді.
Ел тарихындағы маңызды шешімдерді ұсынды.
Конституциялық реформа – еліміздің саяси жаңғыруына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын күшейтуге, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған. Өңірлер үшін жаңа Конституция жобасының практикалық маңызы зор. Құжатта әкімдіктер күнделікті жұмыс барысында бетпе-бет келетін мәселелер қамтылған.
Бұл – су мен жер ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық жағдай, әлеуметтік қорғау, білім беру, аймақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Конституция жобасы біз үшін, ең алдымен, шешімдер қалай қабылданатынын, оның жүзеге асырылуына мемлекет қандай жауапкершілік алатынын айқындайды. Сонымен қатар мемлекеттің Егемендігін нығайтуға, азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған тың тұстарын ерекше атап өту қажет.
Маңызды құжатта әсіресе, экологиялық қауіпсіздік мәселесіне айрықша мән берілген. Қызылорда облысы үшін бұл нормалардың маңызы өте зор.
Аралды құтқару – барша адамзат үшін әлі де өте өзекті міндет. Арал теңізінің тағдыры – ауыр сабақ. Оның салдарын бүгінгі күнге дейін сезініп келеміз.
Мемлекеттің қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету міндетін, азаматтардың экологиялық қауіпсіздікке қатысты құқығын, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақпарат үшін артылатын жауап кершілік туралы нормаларды біз толық әрі саналы түрде қолдаймыз. Бұл – біздің өңір үшін тек жалпылама айтылған ұран сөз емес, бола шақ үшін маңызы айрықша құқықтық кепіл.
Жаңа Конституция жобасының маңыз ды бағыттарының бірі – мемлекеттің әлеу меттік жауапкершілігін күшейту. Бұл құжат адам құқықтарын қорғауға, өңірлерді қолдауға, әлеуметтік теңсіздікті төмендетуге бағытталған. Атап айтқанда, ауылдық аумақ тардың дамуына, жұмыс орындарын құруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға, қолжетімді әлеуметтік қызметтерді жүйелі іске асыруға, халық алдындағы міндеттемелерді толық орындауға мүмкіндік береді.
Елімізде адами капиталды дамыту үшін бі лім беруді стратегиялық басымдық ретінде бекітеді.
Жаңа Конституция жобасын қолдаймыз.
Себебі, бұл құжат өңірлерді дамытудың шынайы қажеттіліктерін, аймағымыздың экологиялық жағдайы мен тұрақты даму мәселелерін толық қамтиды. Ең негізгісі, адам мен табиғат және мемлекет мүдделері біртұтас жүйе ретінде қарастырылған.
Бұл – жауапкершілік, тұрақтылық және жарқын болашаққа бағытталған таңдау!”.