Тамыз айында Қызылорда мамандандырылған ХҚКО-да «Жүргізуші куәлігін беру» мемлекеттік қызметін алу кезінде қызмет алушылар тарапынан бірнеше бұзушылық фактілері анықталды. 7-14 тамыз аралығында 6 бұзушылық тіркелді.
Бұзушылықтардың ішінде жүргізушілерге үміткерлердің басқа емтихан алушылардан дұрыс жауаптарды білуге тырысуы, жалған медициналық анықтамалар беру және шпаргалка пайдалану.
Мәселен, 14 тамызда көрсетілетін қызметті алушылардың бірі тестілеуге дұрыс жауаптардың нұсқаларын қолының саусақтарына жазып алған. Мамандандырылған бөлімнің қызметкерлері емтихан алушының күдікті мінез-құлқына күдіктенді. Тексеру барысында саусағының арасында жауаптардың болуы анықталды. Осы факт бойынша емтихан нәтижесінің күшін жою туралы акт жасалды. Келесі жолы бұл азамат үш айдан кейін ғана емтихан тапсыруға құқылы.
Айта кетейік, дұрыс жауап нұсқаларының болуы фактісі бойынша хат толтырылып, құқық қорғау органдарының құзырына берілді.
Шілде айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда тамыз айында теориялық емтиханды сәтті тапсырған азаматтар саны 7%-ға артты. 1-13 шілде аралығында 306 теориялық емтихан тапсырылып, оның 171 сәтті болса. Ал, 1-13 тамыз аралығында 388 теориялық емтиханның 242 сәтті аяқталды.