Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындыланып жатыр.

Биылғы жылдың алты айында қаланың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қандай? Жұмыс тұрақты ма? Табыс молайып, кіріс көбейді ме? Әрине қаланың бюджетінің орындалуы, оның кірісі мен шығысы жасырын емес, елге ашық.

Қалаға қарасты бөлім басшыларының да алты айдағы атқарған істер, жүзеге асқан жобалар турасында айтары бар

Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақ­баеваның айтуынша жыл басы­нан бастап бүгінгі күнге дейін 4652 жаңа жұмыс орны құрылып, оның ішінде 1123 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

– Жалпы, бөлім арқылы 16 мем­лекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның 13-і әлеуметтік төлемдер. Мәселен, бүгінде 2893 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек ай сайын төленуде. Сондай-ақ, жекелеген санаттағы азаматтар бойынша 1923 адамға әлеуметтік көмек төленді, – дейді Кенжегүл Құрақбайқызы.

186 жалғыз басты бөгде адамның көмегіне мұқтаж қартқа, 270 мүгедектігі бар балаға, 82 белгілі тұрғылықты жері жоқ адамға, күндізгі жартылай стационарлық жағдайда 276 ардагерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіліп келеді. Сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ішінен 359 адамға құқықтық, психологиялық көмектер көрсетілді.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау бағытында да арнайы компьютерлік орталық және «Ten Qogam» мүгедектігі бар адам­дарды қолдау орталығының қызметтері ұйымдастырылуда.

***

Көпқабатты үйлердің қасбеттерін панельдермен қаптау жұмыстары биыл да жалғасуда. Облыс әкімінің қолдауымен игілікті іске облыстық бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлініп, көпқабатты 20 тұрғын үйдің қасбетін жаңалау жүргізілуде.

Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде барлығы 33 519 кәсіпкерлік субъекті жұмыс жасауда. Бұл кәсіпкерлік субъектілерде 69 857 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 721 млрд. 913 млн. теңгенің өнімі өндірілді.

Жоспар бойынша «Астана», «Шұғыла» мөлтек аудандары, Тәуелсіздік, А. Тоқмағамбетов, Д. Қонаев, Е. Әуелбеков, Әйтеке би, Төле би, Т. Әбуов көшелері мен Н. Назарбаев, Абай даңғылдарындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеті ретке келтіріледі.

***

Қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Мұхтар Жетілгенов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне І жартыжылдықта салада атқа­рылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясында айтқандай.

Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде барлығы 33 519 кәсіпкерлік субъекті жұмыс жасауда. Бұл кәсіпкерлік субъектілерде 69 857 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 721 млрд. 913 млн. теңгенің өнімі өндірілді.

– Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 124 млрд. 217 млн. теңгеге жетті. Осы инвестициялардың нәтижесінде қала­да биыл жалпы құны 233,6 млрд. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы көзделуде. Атап айтсақ І жартыжылдықпен «Қызылорда Саз М» ЖШС-нің заманауи кірпіш шығару зауыты, «Қызылорда-Нан» ЖШС-нің нан-тоқаш кондитерлік өнім шығару кешені, машина жасау саласында «Марал-Нұр» ЖШС-нің вагон жөндеу депосы және «Панабек» ЖШС-нің жиһаз цехы іске қосылды. Сондай-ақ, «Rem Plast Invest» ЖШС-нің қағаз мен картон өндірісі, «Ayna Glass» ЖШС-нің жоғары технологиялы айна шығару зауыты, «Техоснастка-Ремсервис» серіктестігі мен «Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің шағын өнеркәсіптік парктері, «Қаржаубаева» жеке кәсіпкерлігінің сауда үйі мен «Orhun Medical» ЖШС-нің медициналық орталығы жақын күндері өз жұмысын бастайды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу орталығы пайдалануға беріледі. Бұған қоса биыл «With You E&C Kyzylorda» серіктестігінің Оңтүстік Корея технологиясы бойынша қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу және «Seven Rivers Technologies» серіктестігінің шыны сынықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату желісі бар шыны ыдыстарды шығару зауытының құрылысы бастау алады, – деді бөлім басшысы.

Қаладағы 18 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыруға және ойын алаңдарын салуға қалалық бюджеттен 1,3 млрд.теңге қаржы бөлінбек. Оған 19 шағын футбол, 25 жаттығу, 21 балалар ойын алаңын,15 аула­іші­лік шаруашылық алаңын және 13 демалыс орнын салу көзделген.

Бұдан бөлек сауда базарларын жаңғырту жұмыстары жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асуда. 2024 жылы «Сұлтан» базарын жаңғырту жұмыстары қолға алынып, қазір құрылысы аяқталуға жақын.

Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шаралары оң нәтижесін беруде. Соның бірі ауыл тұрғындaрының  әл-aуқaтын жaқсaрту мақсатында іске қосылған «Ауыл аманаты» жобасы аясында 238,83 млн. теңгені құрайтын 34 жоба қаржыландырылды. «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы арқылы жалпы құны 293,5 млн. теңгеге 7 жоба жоба қаржыландырылды. Аталған ұйымның «Іскер» бағдарламасымен қалаға қарасты кент және ауылдық округтарден 266,73 млн. теңгені құрайтын 30 жоба ұсынылды.

Екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлік мақсатта ұсынылған несие­лерін Даму қорымен субсидиялау шаралары да жалғасуда. Жыл басынан бері 3 млрд. 691 млн. теңгені құрайтын 64 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.

***

Жыл басынан бастап Қызылорда қаласында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 124 млрд. 217 млн. теңгеге жетті. Осы инвестициялардың нәтижесінде қалада биыл жалпы құны 233,6 млрд. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы көзделуде.

Қала аумағындағы 3 демалыс орны қайта жаңғыртылуда. Мұның ішінде қалалық мәдени және демалыс паркі абаттандырылып, пайдалануға берілді. Ал, Тұңғыш Президент саябағы мен Қорқыт ата атындағы саябақтарында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Атап айтсақ І жартыжылдықпен «Қызылорда Саз М» ЖШС-нің заманауи кірпіш шығару зауыты, «Қызылорда-Нан» ЖШС-нің нан-тоқаш кондитерлік өнім шығару кешені, машина жасау саласында «Марал-Нұр» ЖШС-нің вагон жөндеу депосы және «Панабек» ЖШС-нің жиһаз цехы іске қосылды.

Сондай-ақ, «Rem Plast Invest» ЖШС-нің қағаз мен картон өндірісі, «Ayna Glass» ЖШС-нің жоғары техно­логиялы айна шығару зауыты, «Техоснастка-Ремсервис» серіктестігі мен «Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің шағын өнеркәсіптік парктері, «Қаржау­баева» жеке кәсіпкерлігінің сауда үйі мен «Orhun Medical» ЖШС-нің медициналық орталығы жақын күндері өз жұмысын бастайды.

Қаланы көгалдандыру жұмыстары бағытында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жаңа механизм енгізілді. Жоба қала аумағын жүйелі түрде көгалдандыру, жасыл желек көлемін арттыру және инфрақұрылымды жақсартуды көздейді. Бүгінде 250 қызметкері, 50 бірлік заманауи техникасы бар «КазСтройКапитал» компаниясы күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс жасауда. Қазір қала аумағында 46 100-ге жуық тал көшеті мен 800 000 дана біржылдық гүлдер, 13 500 дана көпжылдық гүл көшеттері отырғызылды және 10 000 шаршы метрден астам алаңға көгал төселді.

Сонымен қатар жыл соңына дейін қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу орталығы пайдалануға беріледі. Бұған қоса, биыл «With You E&C Kyzylorda» серіктестігінің Оңтүстік Корея технологиясы бойынша қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу және «Seven Rivers Technologies» серіктестігінің шыны сынықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату желісі бар шыны ыдыстарды шығару зауытының құрылысы бастау алады

***

Қызылорда қаласында мемле­кеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шаралары оң нәтижесін беруде. Соның бірі ауыл тұрғындaрының әл-aуқaтын жaқсaрту мақсатында іске қосылған «Ауыл аманаты» жобасы аясында 238,83 млн. теңгені құрайтын 34 жоба қаржыландырылды.

«Қызылорда» өңірлік инвести­циялық орталығы микроқаржы ұйымы арқылы жалпы құны 293,5 млн. теңгеге 7 жоба жоба қаржы­ландырылды. Аталған ұйымның «Іскер» бағдар­ламасымен қалаға қарасты кент және ауылдық округтарден 266,73 млн. теңгені құрайтын 30 жоба ұсынылды.

Екінші деңгейлі банктердің кәсіп­керлік мақсатта ұсынылған несиелерін Даму қорымен субсидиялау шаралары да жалғасуда. Жыл басынан бері 3 млрд. 691 млн. теңгені құрайтын 64 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.

***

Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы және жер қаты­настары бөлімінің басшысы Мейрамбек Әжібековтің айтуынша есепті кезеңде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1 млрд. 836,2 мың теңгені құрады. 8695 гектарға ауыл шаруашылық дақылдары орналас­тырылды. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 3454 гектарға, картоп 130 гектарға, көкөніс 1329 гектарға, бақша дақылы 990 гектарға егілді. Ал, мал шаруашылығы бойынша, 1100,1 тонна ет, 1093,8 тонна сүт, 149,4 мың дана жұмыртқа өндірілді. Жалпы, қала бойынша мүйізді ірі қара 31 407 бас, уақ мал 35 709 бас, жылқы 21 257 бас, түйе 3306 бас, құс 16 344 бас өсірілуде.

Аймақ  басшысының  қолдауымен  биыл қаланың жол-көлік инфрақұрылы­мын дамыту бағытында 17 жобаға бюджеттің барлық көздерінен 7,5 млрд.теңге бөлінді. Соның нәтижесімен алғашқылардың бірі болып мердігер «Сервис НС» ЖШС жүргізген «Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылы бойындағы «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автожол көпірі маусым айында пайдалануға берілді.

– Мақсатына сәйкес пайда­ланбаған кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы үшін берілген жер учаскелерін заң талаптарына сәйкестендіру бағытында мони­торинг жұмыстары өз жалғасын табуда. Бүгінде осындай 616 гектар жер учаскесі мемлекеттің арнайы жер қорына қайтарылды. 180 жер учаскесі, атап айтқанда жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған (игерілмеген) кәсіпкерлік мақсатында 76 жер учаскесі, мемлекеттік жерді заңсыз иеленіп, артық қоршау жүргізген 73 меншік иесі, жер учаскесін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай отырған 31 меншік иесінің құжаттары Қызылорда облысының жер ресурстарын бас­қару департаментіне жолданды. Нәтижесінде меншік иелеріне ҚР жер заңнамасының талап­тарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, көлемі 1,66 гектарды құрайтын мемлекет меншігіндегі жерді заңсыз иеленген 37 тұлғаға әкімшіліктік жазалау шаралары қолданылды, – дейді бөлім басшысы Мейрамбек Темірханұлы.

Жалпы  Қызылорда қаласы бойынша 71 099 азамат жер кезек­тілігіне тіркелген. 2005 жыл­ғы кезектіліктен қалған 2 387 азаматқа жер учаскелерін табыстау жұмыстары жүргізілуде. Ал, «Дип­лом­мен ауылға» бағдарламасы бойынша 110 маманға 43,2 млн. теңге көтерме жәрдемақы және 25 маманға 196,6 млн.теңге бюджеттік кредит бөлініп, тиісті жұмыс­тар жүргізілуде.

***

Мақсатына сәйкес пайдаланбаған кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы үшін берілген жер учаскелерін заң талаптарына сәйкестендіру бағытында мониторинг жұмыстары өз жалғасын табуда.

Бүгінде осындай 616 гектар жер учаскесі мемлекеттің арнайы жер қорына қайтарылды. 180 жер учаскесі, атап айтқанда жер учас­кесін нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған (игеріл­меген) кәсіпкерлік мақсатында 76 жер учаскесі, мемлекеттік жерді заң­сыз иеленіп, артық қоршау жүргізген 73 меншік иесі, жер учас­кесін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай отырған 31 меншік иесінің құжаттары Қызылорда облы­сының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды.

Нәтижесінде меншік иелеріне ҚР жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұс­қама беріліп, көлемі 1,66 гектарды құрайтын мемлекет меншігіндегі жерді заңсыз иеленген 37 тұлғаға әкім­шіліктік жаза­лау шаралары қолданылды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған