Биыл да өткен жылғы бірқатар жұмыстарды жалғастырамыз.

Яғни, 975 млн. 900 мың теңгеге «Бәйтерек» тұрғын ауданындағы оңтүстік магистралды каналы арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталады.

1 млрд. 600 млн. теңгеге С.Торай ғыров көшесінен Қызылорда-Құмкөл автожолына дейінгі Сағымбаев көшесі қайта жаңғыртылады. Бұл аса маңызды бастамалар.

Себебі, жаңа көпір мен қайта жаңғыртылатын Сағымбаев көшесі «Батыс Европа – Батыс Қытай» дәлізі мен Астана қаласынан келетін жолды түйістіретін үлкен қақпа болады.

Құны 2 млрд. 600 млн. теңгеге қаладағы 8 автомобиль жолы күрделі жөндеуден өтеді.

Анықтама ретінде:

  1. Ж.Шанин көшесі Сағымбаев көшесінен Қызылорда-Жезқазған трассасына дейін – 2960 м;

2. Б.Момышұлы көшесі 2-ші Қаржаубаев көшесінен Әл-Фараби көшесіне дейін – 2900 м;

3. Б.Асқар көшесі Тоқмағанбетов көшесінен Айтбаев көшесіне дейін – 750 м;

4. Жахаев 1 көшесі – 150 м;

5. Сарқырама көшесі – 1230 м;

6. Ақмырза ахун тұйығы – 62 м;

7. С. Романов көшесі – 236 м;

8. Ыдырысов көшесі – 1140 м.

Жоспардағы ірі жобаларымыз дың тағы бірі – биыл Н.Назарбаев даңғылын Б.Баймаханов көшесінен бастап Тасбөгет кентіне дейінгі аралығын қайта жаңғыртып, күрделі жөндеуден өткіземіз. Бұл жұмыстардың қатарына Тасбөгет кентіндегі А.Иманов, Бозғұл-1, Наурыз және Ш.Есенов көшелері еніп отыр.

Сондай-ақ, Б.Баймаханов пен А.Шәменов көшесінің аралығына дейінгі А.Спанов көшесін де қайта жаңғыртамыз.

Дәл осы ізбен Назарбаев даңғылы арқылы қала мен Тасбөгет кентін жалғайтын «Қызылжарма» каналының автомобиль көпірін қайта жаңғырту жоспарымызда бар. Бұл алдағы уақыттың еншісінде.

Сонымен қатар «Тәуелсіздікке – 25 жыл» даңғылын Қ.Маханбетов көшесімен жалғап, Марал Ишан көшесін кіреберіс қақпаға дейінгі аралығы да қайта жаңғыртуға жатқызылды. Бұл жобалар мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алуға ұсынылған. Аймақ басшысының қолдауымен аталған жобаларды қаржыландыру нақтыланды.

2 млрд. 659 млн. теңгеге кент және ауылдық округтердің 29 көшесіне қайта жаңғырту, орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Анықтама ретінде:

  1. Белкөл кенті – 1 көше (орталық көше);
  2. Тасбөгет кенті – 4 көше (М.Шоқай, Олжабайұлы, Әбенов, Абай көшелері)
  3. Қызылжарма ауылдық округі – 12 көше (Б. Нақыпұлы, Ділдебаев, Алмағанбетов, Абдулов, Мейрманов, Алтықұлаш, Қаратау, Тереңсай көшелері, Қараарын, Төсбұлақ, Күркіреуік, Терісақпай тұйықтары);
  4. Ақсуат ауылдық округі – 10 көше (Байтен, Жөнбаев, Сарыкөл, Үсенбаев, А.Абиев, Жаңа тұрмыс, Қырық байтақ, №10 «В», Баймолда Әлімов, Т. Қаратаев көшелері); 5) Қызылөзек ауылдық округі – 2 көше (Қараөзек бекеті – 4, А. Құнанбаев көшелері).

Биыл Ақжарма ауылдық округіне қарасты Талдыарал елдімекеніне қосымша скважина орнатуға 624 млн. теңге бөлінді.

Биологиялық тазарту станциясын жаңғырту мен автоматтандыру жұмысын аяқтауға 1 млрд. 264 млн. теңге қаралып отыр.

Одан бөлек 697 млн. теңгеге қаладағы су құбыры желілерінің құрылысы жүргізіледі. Жалпы, Қызылорда – 100 пайыз сапалы әрі таза ауыз сумен қамтылған қала.

Тұрғындарды көгілдір отынмен қамту – басты міндетіміз. Бұл тұрғыда газ желісі жетпеген елдімекендерге және қала аумағында қалып қойған

аумақтарға көгілдір отын тартуға 3 млрд. 500 млн. теңге бағытталды (Сабалақ-3,2 млрд.тг, Ақ дақтар – 338,1 млн.тг).

Шаһарға іргелес жатқан «Сабалақ» елді мекені газға қосылып, тұрғындар игілігін көре бастады. Ендігі меже – Қызылөзек ауылдық округіне газ құбырын тарту. Ол үшін 1 млрд. 800 млн. теңгеге жоба әзірленді. Қазір қажетті қаражатты бөлдіру бойынша жұмыс жасаудамыз.

Қосымша айта кеткеніміз жөн, бүгінгі таңда жаңа Бас жоспар бекітілуде. Онда қала жанындағы саяжайлар толығымен қамтылады. Біз басты құжатқа сүйене отырып, Эдельвейс, Еңбек, Орбита секілді саяжайларға да газ желісін жүргізуді жоспарлап отырмыз.

Шет аймақтар мен шаһардың өзінде қыруар шаруа атқарылып, электр желілерінің тозу деңгейі 57 пайызға төмендеді.

Биылғы жылы осы бағытты жалғастыру үшін облыстық бюджеттен 2 млрд. 268 млн. теңге бөлінді. Біз осындай жұмыстар арқылы тұрғындарға сапалы электр энергиясын ұсынатын боламыз.

Құны 36 млрд. 400 млн. теңгеге 300 орындық көпбейінді аурухана орталығы бой көтеруде.

Облыс орталығында 48 млрд. 500 млн. теңгеге 200 орындық перинаталдық орталық пен 14 млрд. 780 млн теңгеге 500 орындық емхана құрылыстары басталады.

Бұдан бөлек 10 млрд. теңгеге 400 орындық емхананың іргетасы қаланады.

Өткен жылы Ассамблеяның 30 жылдығы аясында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының» қолдауымен құны 3 млрд. 800 млн. теңгені құрайтын жаңадан «Достық үйі» салынды. Бұл нысан жыл басында пайдалануға беріліп, Ұлттық Құрылтай осы жерде өтті.

Қосымша айта кетейін, тағы бір ірі құрылыстың бірі Президент саябағына қарама-қарсы беттен «Қайсар-Академиясының» ғимараты салынады.

Тағы бір ілкімді іс – испандық «Рока групп» компаниясымен жылына 500 мың дейін санитарлық – техникалық өнімдер шығаратын жоғары технологиялық зауыт салу жөнінде Үкімет басшысының алдында келісімге қол қойылды. Еліміздегі бұл бағыттағы алғашқы зауыттың құны 44 млрд. теңгеден асады.

300 – ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.

Алдағы күндері Президент саябағы мен Астана шағын ауданын байланыстыратын Сырдария өзені үстінен жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталады.

Ерекше атап өту қажет, Президент саябағында инвестор қаражаты есебінен бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы жүруде.

Биылғы жылы құны 4 млрд. теңге болатын Қызылжарма каналының бойын серуендеуге қолайлы етіп абаттандырып, науа құрылысын жүргіземіз. Қазіргі таңда нақты бөлінгені 1 млрд. 324 млн.теңге.

Өткен жылдың соңында қаланың және оған қарасты кенттер мен ауылдық округтердің әлеуметтік экономикалық дамуына арналған 109 жоба әзірленген болатын.

Бұл жобаларды қаржыландыру үшін республикалық және облыстық бюджеттерге 112 млрд. 867 млн. теңгенің өтінімі ұсынылды. Егер осы жобалар толықтай қаржыландырылғанда мақсатты жоспарларымызды жүзеге асырамыз.

(Өңірлік коммуникациялар қызмет алаңындағы брифингтен)

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған