Ауыл әкімдерінің брифингі – ашықтық, жариялылық

Ауыл әкімдері брифингі – ашықтықтың, жариялылықтың озық үлгісі. Брифинг барысында әр ауыл әкімдері өз округтеріндегі халық саны, олардың экономикалық белсенділігі, тұрғындардың жұмыспен қамтылу барысын қамти отырып, ауыл ішінде қай көшенің қаншаға жөнделіп жатқанын, кім жөндеп жатқанын да нақты айтады. Сондай-ақ алдағы уақытта қандай көшелердің жөнделетіндігі, қай көшеге жарық бағаналары орналатындығы, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы қаржы көздерін, грант, жобалар туралы толық мәлімет берілетіндіктен де ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген, үлкен-кіші әкімдер кездесуінде ұсыныс етіп айтқан мәселелерінің қаншалықты шешім тауып жатқанын бағамдай алады. Әрі ауылда біткен іске, алдағы жоспарға қарап, әкімдерінің қабілет-қарымын, іскерлігін де таразылай алады.Осы ретте Қызылорда қала­сына қарасты ауыл әкімдерінің брифингін ықшамдап жариялағанды жөн көрдік.

Қызылөзек ауылдық округіне қарас­ты Қараөзек, Айнакөл және Қараөзек бекеті елді мекендерінде барлығы 629 отбасы тұрады. 2025 жылдың 1 шілдесіне халық саны 3502 адамды құрап отыр.

Бюджет және салық базасын ұлғайту бағытындағы жұмыстарға тоқталып өтсем: 2025 жылы ауылдық округтің бюджеті 723 млн. 125 мың теңгеге жетіп отыр. Салық түсімдерінің жоспары 13 млн. 631 мың теңгеге бекітіліп, 6 ай қорытындысымен 9 млн. 618 мың теңге түсім түсіп, жылдық жоспар 70,5 %-ға орындалды.

2025-ші жылы ауылдық округіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында көптеген маңыз­ды шаралар жүзеге асырылып отыр. Атап айтқанда ауылдық округте экономикалық белсенді халық саны 1756 адамды құрап отыр. Оның ішінде жұмыс жасайтындар 1132 адам болса, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған 598 адам бар.

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту­дың белсенді шараларына қатыс­тыру арқылы 7 азамат «Күміс жас» бағдар­ламасымен, 2 азамат жастар тәжіри­бесімен қамтылды. 17 жұмыссыз адам қоғамдық жұмысқа жібе­рілсе, 21 азамат тұрақты жұмыс­қа орналасып, жыл басынан бері жұмыс­сыздар саны 26 адамды, жұмыссыздық деңгейі 1,5%-ды құрап отыр.

Мемлекет тарапынан 14 отбасы­на атаулы әлеуметтік көмек тағайын­далса, жергілікті кәсіпкерлердің демеу­шілігімен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 47 отбасына азық-түліктей және басқа да қолдау шаралары ұйымдастырылды.

Кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойын­­ша ауылдық округ бойынша бар­­лығы 197 кәсіпкерлік нысан жұмыс жасайды. Жыл басынан жаңадан 6 кәсіпкерлік нысан тіркеліп, 2 тұрақты жұмыс орны ашылды.

«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлт­тық жоба» шеңберінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл басы­нан 2 азаматтың жылқы мал өсіру жобасы қолдау тауып, «Ауыл шаруа­шылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы арқылы 20,0 млн. теңге несиеге қол жеткізді.

Сонымен қатар 2 ауыл тұрғыны 3 млн. 145 мың теңге қайтарымсыз грант иеленіп, өз кәсіптерін бастады.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2025 жылы құны 2,0 млн. теңгені құрайтын 1 жоба қаржыландырылып отыр. Бағдарлама аясында кәсіпкер «Тоқылған және трикотаж шұлық-ұйық бұйымдарын өндіру» жобасын жүзеге асыруда. Қазіргі таңда тігін тігетін тігін машиналары мен тоқыма бұйымын тоқитын машина сатып алып, қыз жасауын дайындап, тоқыма шұлықтар, қолғап, сыртқы киімдерін шығаруда. 3 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Есепті мерзімде ауылдық округ бойынша барлығы 5 ауыл тұрғыны 25 млн. 145 мың теңге қаражатқа қол жеткізіп, өз жобаларын жүзеге асыруда.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша үстіміздегі жылы барлығы 476 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары өсірілуде. Оның ішінде:109 гектары картоп, 172 гектары көкөніс, 195 гектары бақша дақылдары.

Мал басы 9676 басты құрап отыр. 3705 мүйізді ірі қара, 2854 қой-ешкі, 1764 жылқы, 577 түйе, 776 құс бар.

Инфрақұрылымды дамыту жұмыс­тарына тоқталатын болсақ, «Ауыл Ел бесігі» жобасы аясында 2024 жылы басталып 2025 жылға өтпелі кезең­мен бірқатар жобалар биыл да жалғасуда.

Олардың бірі ауыл тұрғындарының өзекті мәселесінің бірі болып келген- ауылдық округке қарасты 3 елді мекен­дегі электр желілерін қайта жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Қазіргі таңға 3 елді мекенге ВЛ-10 кВ электр бағаналары орнатылып, заманауи СИП электр желісі жүргізілуде. Жобаның жалпы құны: 1 млрд. 192 млн. теңгені құрайды.

2024 жылы 85,216 млн. теңге бөлінген, 2025 жылға 688,1 млн. теңге қаралып отыр.

Одан бөлек жалпы құны 452,1 млн. теңге,ұзындығы 3,2 шақырымды құрайтын 3 көшеге жол құрылысын бастауға 2024 жылы 134,0 млн. теңге қаралса, 2025 жылға Мұхамбетияр Жабағыұлы тұйығының жол құрылысын аяқтауға Ұлттық қордан 91,5 млн. теңге, қалалық бюджеттен 18,4 млн. теңге қаралып, аталған көшенің жол құрылысы толық аяқталып отыр.

Қалған екі көшенің жол құрылысын аяқтауға республикалық бюджеттен 181млн. 800 мың теңге қаражат алдағы уақытта бөлінеді деп күтілуде.

Осы жұмыстармен қатар, 2025 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шең­берін­де облыстық бюджеттен қаралған 326,0 млн. теңге қаражатқа жалпы ұзындығы 3 шақырымды құрайтын 2 көшеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, жуырда қала­лық бюд­жеттен қаралған 85 млн. теңге қара­жатқа ұзындығы 0,62 шақырымды құрай­тын Айнакөл-1 көше­сіне жол құрылысы салын­ды. Сонымен қатар үстіміздегі жылдың 3-тоқса­нында М.Жаба­ғыұлы көшесіне орташа жөндеу жоспар­ланып, бұл жұмысқа облыстық бюджеттен бас­тапқы 67 млн. 266 мың теңге қаражаты бөлініп отыр.

Ауылдағы өзекті мәселенің бірі – Қараөзек ауылына кіре берістегі «Қожақ» автомобиль көпірін күр­делі жөндеу жұмысына қалалық тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолау­шылар көлігі және автомобиль жол­дары бөлімі арқылы облыстық бюджеттен 292 млн. 297 мың теңге қаражат бөлініп, мердігер «N Строй Сервис» ЖШС мекемесі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Құры­лыс-монтаж жұмыстарының ұзақтығы 5 айды құрайды.

Ауылдық округті газдандыру мақ­сатында қалалық бюджеттен қарал­ған 26 млн. 269 мың теңге қара­жатқа қалалық құрылыс бөлімі арқы­лы ауылдық округке қарасты 3 елді мекенді ілеспе газбен қамту жұмысының жоба-сметалық құжат­тары әзірленіп, қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған соң, жобаны қаржыландыру жөнінде республикалық бюджетке ұсыныс берілетін болады.

Ауылдық округ аумағы Сырдария өзені деңгейінен биік орналасуына байланысты жаз маусымында аяқ су тапшылығы туындап отырады.Қара­өзек елді мекеніне аяқ су жеткізу мақ­сатында «ДСУ» учаскесіне электр желісі жеткізіліп, ауыл әкімі аппаратының меншігіндегі жаңа СНПЭ-500/10 электр насостық қондырғысы арқылы Қара­өзек елді мекені аяқ сумен толық қамтамасыз етіліп отыр.

Сол сияқты Қараөзек ауылының көшелеріне аяқ су таратып отырған электр насостардың тозуына бай­ланысты өткен жыл соңында қуаты 18,5 кВт болатын 1 үлкен және 3 кВт болатын 1 шағын электр насостық қондырғы сатып алынды. Алдағы уақытта көнер­ген насостардың орнына жаңа насостық қондырғылар орнатылатын болады.

Сондай-ақ ауыл әкімдігі меншігіндегі дизельдік насостық қондырғылар «Сыр­дария» және «Қараөзек» арна­ларына орнатылып, Айнакөл және Қара­өзек бекеті елді мекендерімен қатар, тұрғындардың егістік жерлеріне аяқ су тұрақты беріліп отыр.

Жарықтандыру жұмыстарын жалғас­тыру мақсатында бюджеттен қаралған

3 млн. 920 мың теңге қаражатқа Қорқыт Ата көшесіне түнгі жарық бағаналары орна­тылып, қазіргі таңда барлығы 21 көше­нің 18 көшесі түнгі жарықпен қам­тылды.

Тұрғындардың сұранысына байла­нысты жергілікті бюджеттен қаралған 5,0 млн. теңге қаражатқа Қараөзек бекетінен балалар ойын алаңын салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда мем­лекеттік сатып алу рәсімдері өткізілуде.

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қараөзек ауылындағы «Тағзым ала­ңына» ағымдағы жөндеу жұмысы жүр­гізіліп, ауласына қала орталығынан босаған брусчаткалар төселді. Алдағы уақытта алаңның қоршауларын жаңарту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар демеушілер есебінен Қараөзек ауылына кіре берісіне елді мекеннің атауы жазылған металл қақпа және бірнеше билборд тұғырлары орна­тылып, ауылдан шыққан соғыс және еңбек ардагерлерінің баннерлері ілінді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған