Түркістан облысының «Қазсушар» филиалы 134 мың гектардан астам жерде сор шаю жұмыстарын аяқтады. Аталған жұмыстар облыстың үш ауданында: Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарында өтті.

Сор шаю жұмыстары жыл сайын егіс алқаптарында ылғал көлемін ұлғайту, топырақтың құнарлығын арттыру және ауыл шаруашылығы өнімділігін жақсарту үшін жүргізіледі.

«Ауыл шаруашылығы алқаптарына уақытылы және тұрақты су берудің нәтижесінде өңірдің шаруа қожалықтары жақсы өнім алуда. Біздің филиал жергілікті шаруаларды суармалы сумен қамту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Кейбір дихандар алғашқы өнімдерін жинап, ішкі нарықта сатуға және экспортқа жіберіп жатыр»,
– деді Түркістан облысының «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған