Азаматтар үшін сот жүйесін жеңілдету және қол жетімді ету мақсатында бірден бір ақпараттық сервистік қызмет- сот кабинеті.
Сот кабинеті арқылы сотқа талап арыз, өтініштер, шағым және электрондық түрдегі өтінімдерді әзірлеу және беру, мелекеттік алымдарды онлайн түрде төлеу, деректерді сақтау мен біріктірудің қауіпсіздігі секілді әрекеттерді жүзеге асыруға болады.
Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар республиканың кез келген азаматына үйден шықпай ақ «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы елдің кез келген сотына талап арыз немесе өтініш беріп кейіннен оның қаралу динамикасын бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда еліміздің сот саласында енгізіліп жатқан ақпараттық технологиялар соттардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай халықпен кері байланыс орнатуда жоғарғы көрсеткіштер көрсетіп жұмыс сапасының артуына септігін тигізіп келеді.
Сот жүйесінде бүгінгі таңда «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Электронды шақыру қағазы», сот құжаттарымен тансу сервисі, SMS хабарлама сервисі, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференция арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді жаңа ақпараттық технологиялар қызметі енгізілген.
Қорыта айтқанда уақыттың талабы электронды түрде жұмыс жасауға алып келді. Бұл ретте еліміздің сот жүйесі де заманның ағымына ілесіп, қызмет барысына ақпараттық технологияларды енгізді. Соның көмегімен соттардың жұмысын бірізділендіріп, азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік туды.
Қызылорда қаласының
№2 сотының бас маманы Г.Дүйсенова