Қағазбастылық. Ғаламның сан түрлі саласын жаулаған қағазбастылықтың үлесі әлемде жаға технологиялар пайда болғалы сиреп барады. Сөрелерде көп орын, толтырғанда көп уақыт керек ететін қағазбастылықтың маңызы жаңа технологияларға берілуде. Оның ішінде еліміз үшін маңызды бірқатар салаларды жаңғырту кезек күттірмейтін мәселе екені анық.
Білім саласы, халыққа қызмет көрсету орындары және сот саласының да жұмыстарын оңтайландыру үшін мүмкіндігінше «IT» құралдарының көмегін пайдаланудамыз.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сот саласын реформалау жайлы сөзінен кейін азаматтар үшін барынша ыңғайлы сот жүйесінің режимдері қарастырылуда. Бұған дейін пайдаланып келе жатқан ақылды бағдарламалардың бірі – «Сот кабинеті» деп аталады.
Бір терезе арқылы азаматтарға қызмет көрсету бағыттарын қамтыған бұл сервистің маңыздылығы зор екенін атап өтпеуге болмас. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы сотқа электрондық құжаттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес әзірленді. Бұл өз кезегінде сервис арқылы сотқа қажетті құжаттардың барлығын электронды форматта жүзеге асыруға септігін тигізеді.
2015 жылы шілде айында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты барлық пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының сот жүйесінің жаңалықтарын хронологиялық тәртіпте қарау мүмкіндігін беретін «Сот кабинеті» сервисінің мобильді нұсқасын енгізді. Аталған нұсқаларды кез-келген бағдарламада жұмыс жасайтын ұялы телефондардың ресми интернет-дүкендерінен жүктеп алуға болады.
Сонымен қатар, сервистің мобильді нұсқасы жоспарланған сот отырыстары туралы ақпаратты (сот отырысының күні, уақыты және орны) онлайн режимінде табуға, «Сот кабинеті» веб-сервисі арқылы сот органдарына жолданған барлық электрондық құжаттарды қарауға, мобильді құрылғыға жүктеп алуға, әділет органдарына тапсырылған құжаттардың жай-күйін (қозғалысын) қадағалауға мүмкіндік береді.
Осылайша, «Сот кабинетін» пайдаланушылар бағдарлама көмегі арқылы өзінің уақытын, жолға кететін қаржысын үнемдей отыра қашықтан-ақ көптеген процесстерді жүзеге асыра алады.
Қызылорда қалалық сотының
Бас маман-сот отырысының хатшысы
Қаржаубаева Мөлдір Бауыржанқызы