2025 жылдың 6 айына Қазалы ауданы бюджетінің өз кірістері жоспары  2,3 млрд. теңге болса, нақты 2,4 млрд.теңгеге (104,7%)орындалды.

Аймақ басшысы Н.Нәлібаев жылдық жоспардың орындалуын  4 млрд. теңгеге жеткізуді тапсырған болатын.

Бүгінгі күнге нақтыланған жоспар (3,7 млрд теңге)бойынша 2025 жылдың 6 айында 64,3 пайызға, орындалып отыр.

Қазалы ауданы әкімі М.Шермағанбеттің жыл соңына дейін жоспарды 4,1 млрд теңге көлемінде орындап шығу межесін қойып, бекітілген жоспардан қосымша 1,0 млрд теңгеге жуық түсім түсіреміз деген болжамы бар.  

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9,4 млрд. теңгені құрап, жыл басындағы 846,0 млн. теңге көрсеткішпен салыстырғанда 11 есеге өсті.

Жалпы Қазалы ауданының ауданның коммуналдық меншігінде барлығы 375 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолы бар. Оның ішінде 259,1 шақырым асфальтты, 82,4 шақырым қиыршық тасты және 33,5 шақырым топырақты жолдар. Жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 91 пайызды құрайды.

Өткен жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін қайта жаңғыртуға, күрделі және орташа жөндеуге бюджеттен 1 633,9 млн. теңге қаржы бөлінді.

Оған 20,6 шақырым болатын  «Бозкөл-Тасарық», «Бекарыстан би-Шөмішкөл» және тағы 224 метр жол, 4,9 шақырымдық 4 көше, Әйтеке би, Жанқожа батыр, Қазалы қаласының 15 көшесі, Оған қоса 3,1 шақырым болатын Әбілқайыр хан, Бегім ана, Сырым батыр көшелері күрделі жөндеуден өтіп, 6,16 шақырым болатын 26 көшеге орташа және ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында барлығы 23 жоба, оның ішінде Әйтеке би кентінен 19 көшені, елді мекендер бойынша 4 көшені орташа және күрделі жөндеу, Қазалы қаласының10 көшесін қайта жаңғырту, Жанқожа батыр ауылының кіреберіс жолы мен «Әлсейіт» көпірінен бастап Бекарыстан би ауылына дейінгі аралықты күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды.

Аудан орталығының көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолы да тұрғындар жиі көтеретін мәселенің бірі еді. Өткен жылдан бері Жанқожа батыр көшесі мен Т.Бөріқұлақов және Қ.Пірімов көшелерінің қиылыстарына жол айрықтары салынып, Жанқожа батыр көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолы жаңарды. Қ.Пірімов көшесінен «Қазалы» мәдени-демалыс кешеніне дейін және Р. Бағланова көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынса, Ақарық каналынан аудандық емханаға дейінгі жаяу жүргіншілер жолының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Қазалыда 2 мыңға тарта жұмыс орны ашылды.

Әлеуметтік саланың дамуын жеделдету – біздің алдымызда тұрған ең негізгі міндет. Экономиканың түрлі саласында 2025 жылы 1921 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар негізінде қайтарымсыз грант алғандар – 73 адам, әлеуметтік жұмыс – 45, жастар практикасына – 72, ақылы қоғамдық жұмысқа – 892, күміс жас жобасына – 62, 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнына – 251, ауыл аманатына – 66, тұрақты жұмысқа – 398, ұлттық жоба бойынша 62 адам жұмыспен қамтылды. 2025 жылдың 6 айының қорытындысымен жұмыссыздар саны 1516 адам, жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрап отыр.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған